16 желтоқсан 2016

Қазақстан 25 жыл ішінде

Тәуелсіздіктің елеулі кезеңдері
Лонгрид
Қазақстан 25 жыл ішінде
Қазақстан 2016 жылы 16 желтоқсанда 25 жылдық мерейтойын тойлайды. Екі онжылдықтан астам уақыт ішінде бүкіл әлемге беймәлім одақтық республика Қазақстан халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесіне айналды
Басы

Ант қабылдау

1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады, он күннен соң ол ресми түрде қызметіне кірісті
Инаугурация
Семей
1991 жылы 9 тамызда Қазақстанда әлемдік деңгейдегі оқиға орын алды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды, ол жерде 1949 жылдан бері 468 ядролық жарылыс жасалған еді
БҰҰ
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ның толық құқықты мүшесіне айналды
Теңге
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан тарихында тағы бір маңызды оқиға болды – ұлттық валюта теңге айналымға шығарылды. Ақшаның бірінші партиясы ағылшын фабрикасында басылып, Қазақстанға төрт Ил-86 ұшағымен құпия түрде жеткізілді
Теңгені таныстыру
Астана
Тәуелсіздік алғаннан кейін үш жыл өткен соң елорданы Алматыдан Ақмола қаласына көшіру туралы батыл шешім қабылданды. 1998 жылы жаңа елордаға Астана атауы беріліп, ресми түрде әлемге таныстырылды
Рим Папасы
2001 жылы қыркүйекте Астанада теңдесі жоқ оқиға болды: АҚШ-та 11 қыркүйек күні болған терактіден кейін екі апта өткен соң, бүкіл әлем ислам және христиан өркениеттерінің қақтығысын күтіп отырған кезде, Еуразия орталығындағы мұсылман мемлекетіне Рим Папасы Иоанн Павел ІІ келді
Рим Папасымен кездесу
Діндер съезі
Понтификтің Астанаға тарихи іссапарынан кейін екі жыл өткен соң, 2003 жылы күзде Қазақстан елордасы бітімгер қала атанды, онда алғаш рет әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтті. Қазақстан бірнеше күн бойы бүкіл конфессия өкілдерін бір-бірімен достастырып, басын қоса білді. Содан бері бұл съезд үш жылда бір рет Астанада өткізіліп келеді
ЕҚЫҰ
2010 жыл Қазақстан тарихындағы мәңгілік есте қалар кезең болды. Дәл осы жылы біздің еліміз ТМД мемлекеттері арасында алғашқы болып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етіп, ЕҚЫҰ саммитін жоғары деңгейде өткізді
азиада
2011 жылы қаңтар-ақпан айларында Қазақстан 7-ші қысқы Азия ойындарын қабылады, жарыстар екі қала – Астана мен Алматыда өтті, оған 26 елден келген спортшылар қатысты. Қазақстан Азиада-2011 ойындарында 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медаль ұтып, жалпы командалық бірінші орынға ие болды
Ғарыш
2015 жылы Қазақстан үшінші ғарышкерін ғарышқа ұшырды. Айдын Айымбетов бортинженер-2 ретінде 2-12 қыркүйек аралығында ғарышта болды
БҰҰ ҚК
Тәуелсіз Қазақстан үшін торқалы жыл 2016 жылы біздің еліміз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайланды. Осылайша, Қазақстан жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі БҰҰ органына Орталық Азиядан сайланған алғашқы мемлекет болды
экспо
Тарихи тұрғыдан алғанда аз ғана уақыт ішінде Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Алда әлі талай белестерді бағындыратын болады. 2017 жылы республикамызда "ЭКСПО" халықаралық мамандандырылған көрмесі өткелі отыр. Көрмеге 100-ден астам мемлекет қатысады
Sputnik Images фотобанкі
ҚР президентінің ресми сайты (akorda.kz)
Associated Press
Made on
Tilda